14 маусым - 15 шілде
Ресей Федерациясы

FIFA – 2018. Хорватия жартылай финалда

FIFA – 2018.  Хорватия жартылай финалда
Ресейде өтіп жатқан Әлем чемпионатының ширек финалдық соңғы бәсекесін Ресей мен Хорватия құрамалары ойнады.

Турнир қожайындары алғашқы минутта жойқын шабуылдарға көшкен еді. Ойынның 31-ші минутында Денис Черышев алыстан соққы бағыттап, Субашич күзеткен қақпадан саңылау тапты. Ал, хорваттар қарымта голды көп күттірмеді. Қорғаушылардың тактикалық қателігін ұтымды пайдаланған Манджукич пен Крамарич жұбы 39-шы минутта Акинфеевті қапы қалдырды.

Екінші таймда Хорватия құрамасының есепте алға шығар тамаша мүмкіндігі болғанымен Иван Перишич соққысы қақпа бағанасынан тиіп кері қайтты. Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталып, матч экстра-таймға көшті.

Овертаймның 101-ші минутында Домагой Вида хорватиялықтарды есепте алға шығарған. Алайда ресейлік ойыншылар 115-ші минутта Марио Фернандестің голымен ойын тағдырын пенальти сериясына аудара білді.

Матч соңындағы пенальти сериясында Хорватия құрамасының жолы болып, жартылай финал командаларының төрттігін түйіндеді.

Қорытынды есеп: Ресей – Хорватия 2:2 (3:4).