14 маусым - 15 шілде
Ресей Федерациясы

FIFA – 2018. Франция құрамасы ӘЧ финалына жолдама алды

FIFA – 2018.  Франция құрамасы ӘЧ финалына жолдама алды
Ресейде өтіп жатқан Әлем біріншілігінің жартылай финалында кездескен Франция мен Бельгия құрамалары арасындағы ойында француздар басым түсіп, финалға жолдама алды.

Қос құрамада да алғашқы таймда есеп ашатын бірнеше керемет мүмкіндіктер болды. Алайда, Уго Льорис пен Тибо Куртуа шеберлік танытып, қақпаларын құрғақ сақтап қалды.

Алайда екінші тайм басталысымен Дидье Дешам шәкірттері ойын тізгінін өз қолдарына алды. 51-ші минутта Антуан Гризманның бұрыштамадан асырған добына алғашқы болып жеткен Самуэль Умтити есеп ашып, француздарды алға шығарды.

Ойынның қалған бөлігінде Азар, Лукаку, Де Брюйне бастаған бельгиялықтар есепті теңестіруге бар күштерін салғанымен Франция құрамасының қорғанысы берік болды.

Осылайша, Франция құрамасы финалға жолдама алса, Бельгия құрамасы қола медаль үшін бақ сынайтын болады. 

Қорытынды есеп: Франция – Бельгия 1:0.

Ойындар кестесін жүктеу      
Соңғы жаңалықтар
LIVELIVE LIVE
«QAZAQSTAN TV» мобильді қосымшасы
AppStore
Play Market
FIFA - 2018. Тарих пен бүгін. Бразилия құрамасы

FIFA - 2018. Тарих пен бүгін. Бразилия құрамасы

Ресейде өтіп жатқан Әлем біріншілігінің жартылай финалында кездескен Франция мен Бельгия құрамалары арасындағы ойында француздар басым түсіп, финалға жолдама алды.

FIFA-2018. Тарих пен бүгін. Германия құрамасы