14 маусым - 15 шілде
Ресей Федерациясы

FIFA – 2018. Бельгия Әлем чемпионатының қола жүлдегері

FIFA – 2018. Бельгия Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Ресейде өтіп жатқан Әлем чемпионаты өз мәресіне таяп қалды. Үшінші орынға талас барысында кездескен Бельгия мен Англия құрамалары арасындағы ойында бельгиялықтар басым түсті.

Ойын басталған тұстан Роберто Мартинес шәкірттері шабуылға көшті. Ойынның 4-ші минутында Қапталдан асырылған допқа бірінші жеткен Томас Менье бельгиялықтарды алға сүйреді.

Харри Кейн, Рахим Стерлинг бастаған ағылшындар есепті теңестіруге қанша мүмкіндік жасағанымен, дәлдік жетіспей жатты. Алайда 82-ші минутта қақпашымен бетпе-бет шыққан Бельгия құрамасының капитаны Эден Азар есепті еселеп, ойынның нүктесін қойды.

Естеріңізге сала кетейік Әлем чемпионы атағы үшін финалдық ойынды ертең сағат 20:45-тен бастап «Qazaqstan» және «QAZSPORT» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Қорытынды есеп: Бельгия – Англия 2:0.