14 маусым - 15 шілде
Ресей Федерациясы

FIFA – 2018. Франция – Әлем чемпионы

FIFA – 2018. Франция – Әлем чемпионы
Ресейде өтіп жатқан Әлем чемпионатының жеңімпазы анықталды.

Ойын басталған тұстан қос команда да жеңіске деген құштарлығын көрсетті. Хорватия құрамасы үшін бұл тарихындағы алғашқы финал балса, француздардың 2006 жылдан кейінгі жүлде алатын мүмкіндігі еді.

Бірінші таймның 18-ші минутында Марио Манджукич өз қақпасына гол салып, командасын қиын жағдайда қалдырды. Алайда Златко Далич шәкірттері 28-ші минутта Иван Перишичтің көмегімен есепті теңестірді.

38-ші минутта хорватиялық қорғаушы өз айып алаңында қолмен ойнап, бас төреші Хектор Питана 11-метрлік айып соққысын белгіледі. Пенальтиден Антуан Гризманн мүлт кетпеді.

Екінші таймда француздар Поль Погбаның және Киллиан Мбаппенің көмегімен есепті 4:1 етті. Ал, Хорватия құрамасы 69-шы минуттағы Марио Манджукичтің көмегімен жауап қатты.

Осылайша, Франция құрамасы араға 20 жыл салып Әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Қорытынды есеп: Франция – Хорватия 4:2