14 маусым - 15 шілде
Ресей Федерациясы

ӘЧ-2018. Мундиальдың символикалық құрамы анықталды

ӘЧ-2018. Мундиальдың символикалық құрамы анықталды
Футболдан Ресей жерінде өткен әлем чемпионатының символикалық құрамына енген футболшылар белгілі болды. Бұл қатарға Франция құрамасынан 4 футболшы, Хорватия, Бразилия және Англия құрамасынан 2 ойыншы енген. Және бір бельгиялық футболшы бар.

Символикалық құрам:
Қақпашы: Уго Льорис (Франция)

Қорғаушылар: Киран Триппьер (Англия), Рафаэль Варан (Франция), Деян Ловрен (Хорватия), Эшли Янг (Англия)

Жартылай қорғаушылар: Паулиньо (Бразилия), Лука Модрич (Хорватия), Эден Азар (Бельгия), Антуан Гризманн (Франция), Неймар (Бразилия)

Шабуылшы: Килиан Мбаппе (Франция)

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы Ресейде өткен Әлем чемпионатының финалында Франция құрамасы Хорватияны 4:2 есебімен ұтып, тарихында екінші рет чемпион атанған болатын.