Kaztrk.kz

Отандық «Шортанды шұжығы мен деликатесінің» ең таңдаулы өнімдері (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Дс, 11/07/2016 - 10:39

Қазақстандық нарықта «Казгру-Холдинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі еліміздегі танымал шұжық зауыты  8 жыл көлемінде жұмыс жасап келеді.

Серіктестік директоры Николас Сирбиладзенің айтуынша, зауыттың Шортанды ауылында  (бұрынғы нан зауыты аймағы) 2007 жылдың 14-ші ақпанында негізі қаланған.

николас сирбиладзе

«Мен Грузияда туып өстім. 1980 жылы институт бітірісімен, шұжық өндірісімен айналыса бастадым. Алғашында технологтың көмекшісі ретінде жұмыс істедім. Араға 10 жыл салып, Грузиядағы Халтуб ет комбинатын басқардым. Кейін досымның шақыртуымен Қазақстанға келіп, шұжық зауытын аштым», деп Николай Давидұлы компанияның ашылу тарихымен бөлісті.

«Біздің зауыт 9 айдың ішінде ашылды. Зауыт австриялық және неміс құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Барлық өнім түрлері ЕАС МЕМСТ және ҚРҰС талаптарына сай таза табиғи шикізаттан дайындалады. Шикізат шаруа қожалықтарынан жеткізіледі. Айта кетейік, шаруа қожалықтарының құрылтайшысы біздің зауыт болып табылады. Ол жерде 2000-нан астам ірі қара мал және 8000-нан астам шошқа бар. Сондай-ақ, өндірісте тауық етін де пайдаланамыз. Оны отандық «Өскемен құс фабрикасы» АҚ-дан сатып аламыз. 

Шұжық өнімдері «ШКиД» атты жаңа сауда маркасы атауымен сатылымға шығарылады. Шығарылатын өнімнің 80 пайыз үлесі Астана қаласына жіберіледі. Ал, қалған бөлігі Ақмола және Қарағанды облыстарына жеткізіледі. Сонымен қатар, 2016 жылдың маусым айынан бастап Алматының нарығына да шықтық. 

Бүгінде отандық өнімді қолдаушылардың қатары көбейіп жатқаны қуантады. Римма Тәжібаеваның бастамасымен ұйымдастырылған «Халық маркасын» айта кету керек.

логотип

(Компанияның жаңа логотипі)

«Казгру-Холдинг» ЖШС қызмет ететін жұмыскерлердің саны - 120, ал, 80-і тікелей зауытта жұмыс істейді. Зауыт бір күнде 5 тонна шұжық өнімдерін және деликатестерді өндіреді.

коллектив шортандинские колбасы

«Біздің зауыттағы технолог Гүлмира Салыпкелованы тілге тиек етпекпін. Ол астаналық және өз ісінің маманы. Таяуда оған компанияның дамуына қосқан үлесі үшін жас мамандарға арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша Астана қаласынан пәтер сатып бердік».

технолог Салыпкелова

Бүгінде «Шортанды шұжықтары мен деликатестері» ашылу кезеңінен бастап қысқа мерзім ішінде көптеген марапаттаулар мен дипломдарға ие. Мысалы, 2010 және 2011 жылдары «Үздік тауар» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

медали

Шұжық зауытының жұмысымен таныс болыңыздар.

Технолог Гүлмира Алпысбайқызының айтуынша, шұжық жасау бірнеше кезеңнен өтеді. Бірінші – етті мүшелеп тұрау немесе сүйектен етті сылып алу. Бұл қауіпті әрі еңбекті көп қажет ететін жұмыс. Осы кезеңде еттен сіңірін, шандырын, шеміршегін, ұсақ сүйектерін және т.б. алып тастайды.

1 этап

1й этап

11й

2

Содан кейін етті бөлшектеп, тұздауға кіріседі. Дайын болған етті біртекті әрі жұмсақ болуы үшін  куттер аппаратына ұсақтауға жібереді.

3

4

Шұжық қабықшаларын толтыру мақсатында тартылған ет пісектеу бөліміне жіберіледі. Шұжықтың ластанып және құрғап кетпеуі үшін қалыпқа салады. Айта кету керек, пісектеудің алдында барлық қабықшаларын ұсақ бөлшектерге бөліп, соңын баумен байлайды.

оболочка

оболочка2

оболочка 3

Етке толтырылған қабықшалар байлауға жіберіледі.

обвязка

обвязка 2

Шұжық өндірісінің соңғы кезеңі бұқтырып кептірілген шұжықтарды ілу, шөктіру (жаю) және сүрлеуден тұрады.

варка 1

варка2

варка 3

варка 4

варка 5

Айта кетейік, «Шортанды шұжықтары мен деликатестерін» сүрлеу үшін неміс технологиясы пайдаланылады.

опилки

Шұжықтарды дайындаудың ең соңғы кезеңі – кептіру.

сушка

сушка 1

сушка 2

сушка 4

сушка 5

сушка 6

сушка 8

 

Авторы: А.Сагандыкова

Эфирден көретіндеріңіз

Аймақ жаңалықтары