Kaztrk.kz

17 ақпан - Мейірімнің риясыз көріну күні

Жм, 02/17/2017 - 09:31

Мейірімнің риясыз көріну күні

Бұл мейрамның жалпыдүниелік мағынасы бар. Дүниежүзі  бұл атаулы күнді азаматтығына, ұлтына, діни сенімдеріне қарамастан тойлайды. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, барлығына мейірімді болуға тырысу керек, жай ғана мейірімді емес, шексіз және пайдакүнемсіз мейірімді болу қажет.

24 жыл бұрын (1993) Алматы қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдігі жұмыс істей бастады.

12 жыл бұрын (2005) Алматыда «Әдебиет айдыны» қоғамдық-саяси апталығының алғашқы нөмірі жарық көрді. Басылым қазақ тілінде 5 мың данамен шығарылады. Құрылтайшысы - Қазақстан жазушылар одағы.

kuntizbe1702

104 жыл бұрын (1913-1965) актер, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі  Камаси ӨМІРЗАҚОВ дүниеге келді.

86 жыл бұрын (1931-1992) тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ғылым академиясының академигі, ҚР Ғылым академиясы Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты  Рамазан Бимашұлы СҮЛЕЙМЕНОВ дүниеге келді.

79 жыл бұрын (1938-2007) әнші, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі КИМ Владимир Александрович дүниеге келді.

78 жыл бұрын (1939) журналист, ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері  Ғарифолла КӨШЕНОВ  дүниеге келді.

78 жыл бұрын (1939) педагогика ғылымдарының докторы, профессор Болат ӘБДІКӘРІМОВ дүниеге келді.

62 жыл бұрын (1955) бокстан спорт шебері, Қазақстанның Еңбек сіңірген жаттықтырушысы  Дамир Бұлтпайұлы БУДАНБЕКОВ дүниеге келді.

 

Эфирден көретіндеріңіз

Аймақ жаңалықтары