Kaztrk.kz

«Халық маркасы-2015» сертификатының иегері талдықорғандық құс фабрикасы келесі жылы 20 жылдығын атап өтеді

Ср, 10/19/2016 - 21:54

1997 жылы құрылған «Халық маркасы - 2015» сертификатының иегері, «Ақ-құс» сауда маркасымен тауар өндіретін «Когер ЛТД» ЖШС талдықорғандық құс фабрикасы келесі жылы 20 жылдығын атап өтеді.

Құс фабрикасының өнімі 2015 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша жалпыға танылып, «Халық маркасы» сертификатына ие болды, сондай-ақ, Алматы облысы бойынша кәсіпкерлер арасындағы «Қазақстанның ең үздік тауары» байқауында бірінші орынды иеленді. Бұл шығарылатын өнім сапасының танымалдығын білдіреді.

Талдыкорганская птицефабрика - обладатель награды «Халык маркасы-2015» в следующем году отметит 20-летие

Осы күндері «Когер ЛТД» ЖШС Алматы өңірін азық-түлікпен қамтуына үлкен үлесін қосуда. Алматы, Өскемен, Семей, Қарағанды, Атырау қалаларының көптеген азық-түлік дүкендері, базарлары мен жәрмеңкелерінде арнайы көлікпен тасымалданатын құс фабрикасының өнімі сатылады.

Өз деңгейінде бірегей кәсіпорын өнімнің көлемін 290 млн жұмыртқаға жеткізді. Осының барлығы еуропалық жаңа технологияны, басқару жүйесін енгізу, негізгі және қосымша өндірістің цехтарын құралдандыру арқасында мүмкін болып отыр.

Талдыкорганская птицефабрика - обладатель награды «Халык маркасы-2015» в следующем году отметит 20-летие

Құс фабрикасында 2010 жылы енгізілген ISO 9001:2000 сапа менеджменті жүйесі өнімнің жоғары тұтынушылық құрамын қамтамасыз етті. Ол мемлекеттік стандартқа сәйкес келеді және Қазақстанның экологиялық таза өнімдері тізіміне енгізілген.

Талдыкорганская птицефабрика - обладатель награды «Халык маркасы-2015» в следующем году отметит 20-летие

Қазіргі таңда құс фабрикасының ассортименті уақыт өте артып келеді.

Құс шаруашылығы заманауи құралдармен жабдықталған. Кешен құс қамайтын күрке, жем зауыты, толық майлы соя, ветеринарлық зертхана, инкубатор, құс сою желісі, жұмыртқа ұнтағын өндіру цехі, жылыжай шаруашылығынан құрылған. 

Кешен құс жұмыртқасы, ас, емдәмдік құс еті, жұмыртқа ұнтағы, құстарға арналған үйлестірілген жем, жеміс-көкөніс өнімін өндіруге бағытталған.

Құстарға тек үйлестірілген тамақ, қажетті элементтер мен минералдар беріледі.

Жаңа жұмыс орындарын құру арқылы және отандық өндірушілер арасында беделге ие болып, аталмыш кәсіпорын Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына үлесін қосуда.

Бизнес өкілдерінің жоспарлары да ауқымды. 2017-2020 жылдары кәсіпорын құс қамайтын үш күрке ашуды, сұрыптау және дайын өнімді сақтау қоймасын кеңейтуді, автокөлік цехін дамытуды көздеп отыр.

Жұмыртқаның пайдалы қасиеттерін және ол көптеген ас мəзірлері үшін таптырмас қосынды екенін әрбір аспазшы біледі. Жұмыртқаны әзірлеу оңай, ал оны өсіріп, тұтынушыға жеткізу процессі көп еңбекті талап ететіні тағы жасырын емес.

https://www.youtube.com/watch?v=kvLtAgHaPYs&feature=youtu.be

 

Эфирден көретіндеріңіз

Аймақ жаңалықтары