Kaztrk.kz

Ақтөбедегі «Жаңа әлжан диірмен комбинаты» ЖШС халықты 25 жылдан бері ұн және макарон өнімдерімен қамтып келеді

Ср, 10/19/2016 - 18:00

«Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты» ЖШС - ұн, сондай-ақ, бидайдың қатты сорттарынан макарон өнімдерін өндіретін қазақстандық жоғары технологиялық диірмен кешені. Ақтөбе қаласының оңтүстігінен 15 шақырым қашықтықта орналасқан кәсіпорын дәнді өңдеу, сақтау және макарон өнімдерін өндірумен айналысады. Диірмен зауыты элеватор базасында 1991 жылы пайдалануға берілді.

Жоғары өнімділікке ие зауытта ұн италиялық «Ocrim» және швейцариялық «Buhler» компанияларының жабдығымен бидайдың қатты сорттарынан өндіріледі. Мекеме  күніне 550 тонна ұн шығарады. Бұдан басқа, комбинат құрамына қуаттылығы жылына 12 мың тонна болатын макарон өнімдерін шығару фабрикасы кіреді.

ұн

Серіктестік дәмді өнімді шығару үшін ғана емес, оны денсаулыққа пайдалы етіп жасау үшін заманауи технологиялар мен жоғары сапалы бидайды пайдаланады.

Сауда маркасының өнімдерінде ең таңдаулы бидайдың барлық құнарлы қасиеттері сақталған. Сондай-ақ, отбасы денсаулығына қажетті дәрумендер мен микроэлементтер кешені қосылған.

Компания өткен жылы  сатып алушыларға жаңа «Granum»  сауда маркасын ұсынды. Қазіргі уақытта бұл өнім ел аумағынан бөлек, Орта Азия, Кавказ, Ауғанстан және Ресей  елдерінің барлық сауда желілерінде сатылуда.

ұн

Аталмыш сауда маркасы ұн ассортименттерінің төрт түрін ұсынады және олардың әрбірінің ерекше қасиеттері бар: «экстра» арнайы сортының әмбебап ұны,  бірінші сортты нанға арналған ұн, сондай-ақ, құймақ ұны және жоғары сортты ыстық тағамдарға арналған ұн.

Комбинат технологтарының айтуы бойынша «экстра» сортының ұны қосымша тазартудың арқасында ерекше ақтығымен ерекшеленеді. Ал, ыстық тағамдарға арналған ұн қамырдың созылмалылығын арттыратын «poritel» арнайы ферментімен байытылған. Мамандар шикізат пен ұнның сапасына күнделікті екі зертханада тест жүргізеді.

Сондай-ақ, «Granum» өнімдерінің негізгі қасиеті - ұнда темір, мырыш, фолий, никотин қышқылдары сияқты дәрумендер мен микроэлементтердің, сондай-ақ, В тобының дәрумендері – рибофлавин мен тиаминнің болуы. Адам ағзасына қажетті бұл минералдар иммунитетті көтеріп,  зат алмасуды жақсартады.

Пп

 

гран

«Компанияның міндеті  - тамақтану сапасын жақсарту арқылы халықтың өмір сүру деңгейін арттыру. Дәмді тағам бір мезетте пайдалы да болуы қажет. Қазіргі уақытта сарапшылардың тынымсыз еңбегінің нәтижесінде айрықша өнімдер жасалуда», - дейді  мекеме басшысы Қанат Тапаев.

қанат тапаев

Осы мақсатқа сай комбинат Қазақстанда алғашқылардың бірі болып ұнды байыту бойынша ҚР Үкіметі мен Азия банкінің бірлескен жобасына енді.

Ендігі мақсат - жаңа елдерді бағындыру және тұтынушылардың дұрыс тамақтануы үшін ерекше құрамдарды ойлап табу.  

Серіктестікте бүгінде осындай ортақ ортақ мақсатпен 250 адам қызмет етуде.

Кәсіпорын туралы 

Эфирден көретіндеріңіз

Аймақ жаңалықтары