Kaztrk.kz

«Артель» – солтүстікқазақстандық брендке айналған  шеберхана

Жм, 10/21/2016 - 21:35

Петропавл қаласындағы «Артель» шеберханасы соғылған және дәнекерленген бұйымдарды жасауға маманданған. Шеберхана жұмысын 2010 жылы  жергілікті екі жас кәсіпкер Сергей Шушаков пен Виталий Мазеев қолға алады.

Алғашында істің өрге басатынына ешкім сенбеген еді. Алайда, олар қиындықтан қашпады. Сабырлықтың арқасында арада сәл уақыт өткен соң  жалға алып отырған жерді кеңейтіп, өзге шеберлерді де қатарларына тартты. Ал, қыс мезгілінде жұмыс тоқтап қалмас үшін, кез келген мезгілде сұранысқа ие бұйымдарды дайындаумен айналысты.

,jk

Өнімдерді сату мақсатында жалға алынған сауда алаңдарының бағасы қалта қағатын болған соң, жекеменшік дүкен ашу идеясы ойға келеді. Осылайша, олар алғаш рет «Даму» қоры арқылы мемлекеттік қолдауға ие болады.

Петропавлдан жеке дүкендерін ашқан сәтте елдің өзге аймақтарына тапсырыс жіберу мәселесі көлденең тұрған еді. Алайда, бұл жолы да «ГАЗель» көліктерін сатып алуға «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы көмекке келеді. 

kl/

Бүгінде бұл жерден ағаш, темiрден жасалған үй жиһаздары, ыдыс-аяқ және түрлi декорациялық заттарды, тіпті түрлі ертегi кейiпкерлерiн де кездестiруге болады.

«Артель» мамандары ағаш пен темір үндестік тапқан кез келген қиындықтағы бұйымдарды жасай алады және жаңа технологияларды кеңінен пайдаланады. Мұнда 500-ден астам бұйым түрлері бар. Өндірістің ерекшелігі сол – мұндағы заттар табиғи материалдардан жасалады.

/l;

«Біз емен, қайың, қарағай, қараағаш, шамшат, шаған ағаштарын пайдаланамыз. Әр тапсырыс берушінің көңілін табуға тырысамыз. Себебі, кейбір адамдар өздеріне қандай бұйым керегін де білмей жатады. Мұндай жағдайда біздің міндетіміз – олардың таңдау жасауына ықпал етіп, лайықты өнім  дайындап беру. Сонымен қатар, әр өнімнің қандай да ерекшелігі болғанын басты назарда ұстаймыз»,-дейді «Артель» дүкенінің директоры Лилия Кравченко.

k.jk

Қазіргі таңда Петропавлдағы барлық ойын-сауықтық мекемелері «Артель» мамандарына сенім артады. Тұрақты тапсырыс берушілер қатарында түрлі кафе, аттракцион саябағы, аквапарктер ғана емес, сондай-ақ, үйлерін шеберхана өнімдерімен сәндеген петропавлдықтар да біршама.

jk.

Шеберханада дайындалған өнiмдер бүгiнде өңiрде ғана емес, сонымен қатар, Астана, Алматы, Көкшетау, Павлодар облыстары және Ресейдің бірқатар қалаларында да сұранысқа ие.

/kl

Сергей Шушаковтың айтуынша, «Артель» мемлекеттің қолдауынсыз шарықтай алмас еді. Шеберхана жұмысын бастаған уақыттан бері мемлекет қолдауын сезініп келеді. Бұл шеберхананың қанатын кеңге жаюына септігін тигізуде.

'l[[

Бүгінде шеберхана облыс бойынша ағаш кептіруден көшбасшы мекеме. Мұнда бұл процесс толығымен компьютерлендірілген.

Айта кету керек, шеберханаға 2016 жылдың мамыр айында «Халық маркасы» белгісі берілген.

л№д

Қазір «Бұл менің елімде, менің қаламда жасалған бұйым», деп мақтанышпен айтатын қазақстандықтар саны күн санап артып келеді. Бұған солтүстікқазақстандық брендке айналған «Артель» шеберханасы айқын дәлел.

Шеберхана туралы сюжет

Суреттер: artel-sk.kz

Портал жаңалықтары

Эфирден көретіндеріңіз

Аймақ жаңалықтары