Kaztrk.kz

Айналаңа адал бол, сөзіңді жерге тастама! Бұл – қазақстандық тігін фабрикасының негізін салушы кәсіп иесінің ұстанымы

Жм, 11/04/2016 - 11:33

Әркімнің қолынан келе бермейтін, кіріс келтіретін сүйікті іспен айналысу – жан рахаты. Мұндай іс алдына үлкен мақсат қойып, не үшін өмір сүретінін жақсы білетін, ойлағанын орындамай қоймайтын күшті адамдарға ғана лайықты. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз – тура осындай,  үлкен мақсаттарға ұмтылып, оны табандылықпен жүзеге асыратын, кез келген жағдайды айқын да анық бағамдап, шешім қабылдай алатын өзіне сенімді адам. Мұндай тастүйін мінез  күнделікті аянбай тер төгіп, психологиялық жағынан әбден шыңдалып, тынбай  еңбектенетін жанға ғана тән болса керек. 

Быть честным к окружающим и не бросать слова на ветер! Это - девиз основательницы казахстанской швейной фабрики

Елордадағы  «Веста» ЖШС  тігін салонының директоры Фариза Шадыжева – билікте туғаны да, танысы да жоқ, миллиондаған қаржысы да болмаған, өз өндірісін тақыр жерден бастаған бизнесмендердің бірі. Еліне пайда келтіруді ойлап, табандылық пен патриотизмнің нағыз үлгісін көрсетіп,  сүйікті ісімен айналысатын кәсіпкер әйел отандық тауар өндірісін дамытуда  тамаша үлгі көрсетіп келеді.

Бүгінде оның кәсіпорны аяқтан нық тұрған.  Фариза Сафарбекқызы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі принципін нақты ұстанады. Салонда әлеуметтік жұмыс орындары  ашылған, студенттер тәжірибеден өтіп тұрады. «Енді алда өндірісті кеңейту жоспары тұр», дейді ол сенімді түрде. Бұл шаруа  жүзеге асса, салон қосымша жұмыс орындарын ашады. Бүгін жаңалыққа жаны құмар іскер әйел өзінің табыстары туралы бізбен ой бөліседі. 

Фариза Сафарбекқызы, сұхбатымызды тігін салонының пайда болуынан бастасақ...

-  Мен 1992 жылдың мамыр айында «Веста» ЖШС  тігін салонын шағын бизнес ретінде тіркеуден өткіздім. Осы сәттен бастап фирманың шығу тарихы мен компанияның қызмет жайлы есебі басталды. Бүгінде ең мықты мамандар мен тігін шеберлерінен құралған 70-ке жуық адам қызмет етеді.

Быть честным к окружающим и не бросать слова на ветер! Это - девиз основательницы казахстанской швейной фабрики

Компанияның алғаш құрылу кезеңінде қандай қиындықтар болды?

 - Бизнесті ашу үшін қажетті жабдықтар,  шикізат және т.б. сатып алу үшін капитал керек болды. Сол кезде менде және менің отбасымда ешқандай жинақ қоры болмады. Сондықтан, мен 5 ұсталынған тігін машинасын және тігуге қажетті азғантай шикізат сатып алып, жұмысқа кірістім. Ол кезде менде 5  адам жұмыс істеді. Кейін ақшаның пайда болуына қарай құрал-жабдықтарды сатып алдым. Ақырындап тапсырыстар түсе бастады. Осылайша, біздің өндіріс кеңейіп, жаңа жұмыс орындары пайда болып, ісіміз жүре берді.

Быть честным к окружающим и не бросать слова на ветер! Основательница казахстанской швейной  фабрики рассказал о секретах успеха.

Әрине, бизнесті жүргізу кезінде қиындықтар болады. Бұл – компанияның құлдырауы, қаржы тапшылығы, жеке отбасыңа көңіл бөле алмауың, толыққанды демалысқа шыға алмауың және т.б. Дегенмен, жақсы көретін кәсібіңнің жемісін, ұжымның жұмысқа қанағаттануын, қуанышын, жеңісін көргенде, барлық қиындықтарды ұмытасың.

Быть честным к окружающим и не бросать слова на ветер! Основательница казахстанской швейной  фабрики рассказал о секретах успеха.

Компания атауының авторы кім? Неліктен «Веста» деп аталады?

 - Компания атауын отбасыммен, достарыммен ақылдаса келе қойдық. Бірауыздан «Вестаға» тоқталдық. Бұл – Мысыр әйел құдайының есімі. Оның құрметіне Жер шарындағы бір планета атауы берілген. Сондай-ақ, көне славян шіркеуінде тұрмысқа шыққалы жатқан жас қыздарды да Веста деп атаған екен.

Быть честным к окружающим и не бросать слова на ветер! Основательница казахстанской швейной  фабрики рассказал о секретах успеха.

Ең алғашқы тапсырыс есіңізде ме?

 - Біздің алғашқы жұмысымыз базарға арналған ветровкалар (жеңіл күртешелер), пальтолар, қысқы күртешелер болды. Дайын өнім тез сатылды. Бұл жұмыс көлемі мен өнім сапасын арттыруға септігін тигізді. Тапсырыстар көбейе берді. Концерттік, жаңажылдық костюмдер, оркестрге арналған киімдер тігуді үйрендік. Содан кейін, әскери-күш құрылымдарынан, оның ішінде, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, Салық комитеті, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінен және т.б. тапсырыстар қабылдай бастадық. Айта кетейін, 1996 жылдан бастап, міне 20 жыл бойы біздің кәсіпорын еліміздің барлық қарулы күш құрылымдарына әскери киімдер тігеді.

Быть честным к окружающим и не бросать слова на ветер! Основательница казахстанской швейной  фабрики рассказал о секретах успеха.

Демек, кәсіпорын әскери киімдер тігуден Қазақстан бойынша көшбасшы ма?

- Иә, Ақмола облысы бойынша ең алғашқы деп айта аламын. Жалпы, Қазақстанның жас мемлекет екенін ескерсек, біз қарулы күштер құрылымдарының жаңа үлгідегі киімдерін тігу бойынша көшбасшылар қатарындамыз.

Быть честным к окружающим и не бросать слова на ветер! Основательница казахстанской швейной  фабрики рассказал о секретах успеха.

Быть честным к окружающим и не бросать слова на ветер! Основательница казахстанской швейной  фабрики рассказал о секретах успеха.

Быть честным к окружающим и не бросать слова на ветер! Основательница казахстанской швейной  фабрики рассказал о секретах успеха.

Әскери киімдер нарығында мата таңдау кезінде қандай үрдіске сүйенесіз?

- Біз Қазақстанның Жоғары Бас қолбасшысына, барлық генералдар, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Мемлекеттік қызмет күзеті, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Бас прокуратурасының жоғары, орта, кіші сержанттар құрамына формалық киімдер тігетін болғандықтан, әрине, мен қымбат әрі сапалы маталарды таңдаймын.

Быть честным к окружающим и не бросать слова на ветер! Основательница казахстанской швейной  фабрики рассказал о секретах успеха.

Быть честным к окружающим и не бросать слова на ветер! Основательница казахстанской швейной  фабрики рассказал о секретах успеха.

Быть честным к окружающим и не бросать слова на ветер! Основательница казахстанской швейной  фабрики рассказал о секретах успеха.

Әскери киімдер тігудегі бәсекелестік туралы не айтасыз?

 - Бүгінде елімізде әскери киімдер тігу бойынша 20-дан астам кәсіпорын бар. Бәсекелестік бар, ол анық байқалады, сондықтан, жылдан жылға көшбасшылар қатарында болуға тырысамыз. Әзірге қолымыздан келеді.

Быть честным к окружающим и не бросать слова на ветер! Основательница казахстанской швейной  фабрики рассказал о секретах успеха.

Быть честным к окружающим и не бросать слова на ветер! Основательница казахстанской швейной  фабрики рассказал о секретах успеха.

«Вестаның» айрықша белгісі не деп ойлайсыз?

- Әрине, «Вестаның» айрықша белгісі деп тауардың жоғары сапасы, тапсырыс берушінің алдындағы жауапкершілік пен әділдікті  айта аламын.

Быть честным к окружающим и не бросать слова на ветер! Основательница казахстанской швейной  фабрики рассказал о секретах успеха.

Быть честным к окружающим и не бросать слова на ветер! Основательница казахстанской швейной  фабрики рассказал о секретах успеха.

Штаттық қызметкерлерді іріктеудегі тәсіліңіз қандай?  Өз ісінің мамандарын қалай таңдайсыз?

- Жекеменшік бизнесте әр маман өз ісінің маманы болуы керек. Тігін өндірісінде – олар құрастырушы-кескіштер, тігіншілер, технологтар, әкімшілік-шаруашылық қызметкерлер. Соңғы жылдары жақсы ұжым қалыптасты. Олар менің қойған барлық тапсырмаларымды бұлжытпай орындайды. Мен оларға өндірісті толықтай сеніп, қалдыра аламын. Дегенмен, мен үнемі жұмыс барысын қадағалаймын, яғни, кеңес беремін, дұрыс жолға бағыттаймын, тәуелсіз шешім қабылдауға үйретемін. Сондай-ақ, жауапты болуға, сапалы өнім шығаруда барлық талаптарды қатаң сақтауға үйретемін. Ортақ жұмысты жақсы көруге тәрбиелеймін.

Быть честным к окружающим и не бросать слова на ветер! Основательница казахстанской швейной  фабрики рассказал о секретах успеха.

Быть честным к окружающим и не бросать слова на ветер! Основательница казахстанской швейной  фабрики рассказал о секретах успеха.

Өз орныңды тауып, тігін бизнесінде табысты болу үшін не істеу керек?

 - Кез келген бизнесте аянбай тер төгіп, еңбек ету керек, сондай-ақ, қиындықтан қорықпасаң, тапсырыс берушінің сөзін жерге тастамай, оған адал қызмет етсең, сен міндетті түрде табысқа кенелесің.

Быть честным к окружающим и не бросать слова на ветер! Основательница казахстанской швейной  фабрики рассказал о секретах успеха.

Қажетті еңбек өтілімі жоқ жас маман сіздің компанияңызда тәжірибеден өте ала ма?

 - Әрине. Жыл сайын елордалық колледждер бізге жас студенттерді тәжірибеден өтуге  жібереді.  Біз оларға тігін ісін толық үйретеміз. Жас мамандардың көбі тәжірибеден кейін жұмыс істеуге қызығушылық танытады. Біз олардың ішінен ең мықтыларын таңдаймыз, бүгінде олар біздің кәсіпорында қызмет етуде.

Быть честным к окружающим и не бросать слова на ветер! Основательница казахстанской швейной  фабрики рассказал о секретах успеха.

Быть честным к окружающим и не бросать слова на ветер! Основательница казахстанской швейной  фабрики рассказал о секретах успеха.

Бизнесіңіздің даму келешегін қалай елестетесіз? Кәсіпорынды кеңейту немесе басқа да бағытта жұмыс жасау жоспарыңызда бар ма?

- Біз әрдайым бизнесті дамыту мен жетілдіру мақсатында жұмыс істейміз. Алға қойған жоспарлар жетерлік. Яғни, өндірісті кеңейту, заманауи құрылғылар сатып алу және т.б. 

Быть честным к окружающим и не бросать слова на ветер! Основательница казахстанской швейной  фабрики рассказал о секретах успеха.

Быть честным к окружающим и не бросать слова на ветер! Основательница казахстанской швейной  фабрики рассказал о секретах успеха.

Өз ісінің маманы ретінде ізбасарларыңызға қандай кеңес берер едіңіз?

- Болашақ шеберлерге мынадай кеңес берер едім – егер де сіз табанды, шыдамды болып, тігін ісін жақсы көрсеңіз, онда осы қалпыңыздан таймай, алға қарай ұмтыла беріңіз. Сонда ғана еңбегіңіздің жемісін көресіз. Жалпы, барлықтарыңызға сәттілік, шыдамдылық және таңдаған мамандықтарыңызға деген махаббат тілеймін.

Әңгімелескеніңізге рақмет!

 

Сұхбаттасқан: Лаура Задабекқызы

Эфирден көретіндеріңіз

Аймақ жаңалықтары