Kaztrk.kz

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев тұтқындалды

Ср, 01/11/2017 - 10:10

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросы бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты ұстады, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен. Бишімбаев топтармен алдын ала келісіп, бірнеше рет ірі көлемде пара алғаны үшін тұтқындалды. Заңсыз түрде алынған ақшалай қаражатты ол өз қажетіне жұмсаған.

Бишімбаев Қылмыстық кодекстің 128-бабына сәйкес, Астана қалалық Ішкі істер департаментінің уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Эфирден көретіндеріңіз

Аймақ жаңалықтары