Kaztrk.kz

Ертең «Бүгін жексенбіде» «Бәйтерек» тобы қонақта

Сн, 02/18/2017 - 15:52

Ертең, яғни, 19 ақпанда  «Бүгін жексенбі» бағдарламасында «Бәйтерек» тобы мен Ұлттық арнадағы «Айтуға оңай...» ток-шоуының жүргізушісі Бейсен Құранбек қонақта.

Сонымен қатар, бағдарламаның «Сіз білесіз» интеллектуалды сұрақ-жауап айдарына «Қаллеки» театрының әртістері қатысады.

Самбо күресінен спорт шебері, ҚР бірнеше дүркін чемпионы Айбар Тойбеков балалар мен жасөспірімдерді және ерлер мен әйелдерді өзін-өзі қорғау үшін самбо күресін үйрену сабағына шақырады. Қабылдау 6-ақпаннан басталды. Сіз де қапы қалмаңыз!

Астана қаласында ақпан айынан бастап наурызға дейін кәсіби фотограф Елена Сергеевна «Суретке дұрыс түсіру мен түсу өнері» туралы шеберлік сабағын өткізеді. Қатысушылардың жасына шектеу қойылмаған. Суретке түсіру өнеріне қызықсаңыз, шеберлік сабағын өткізіп алмаңыз!

Ұшатын автокөліктер жайлы естігеніңіз бар ма? Тұңғыш рет сатылымға шыққан көліктер туралы толығырақ Аманбек Мағзұмханның сюжетінен біле аласыздар.

Балалардың бос уақытын тиімді өткізу тәсілдері:

  • Астана қаласында 7 жастан бастап тігін өнерін үйрететін үйірме жұмысын бастады. Бұл жерде балалар өз ойыншықтарын, киімдерін тігіп, түрлі әшекейлермен безендіруді үйренеді;
  • «Астана Опера» театрында 19 ақпан күні сағат 12:00-де балаларға арналған «әуенді үйлесім» атты танымдық бағдарлама өтеді. Ол жерде балалар опералық әуендер арқылы түрлі аспаптармен танысып, «әртістік шеберлік» сабағына қатыса алады.

Осы және өзге де қызықтар 19 ақпан 09:30-да «Бүгін жексенбі» бағдарламасында!

Портал жаңалықтары

Эфирден көретіндеріңіз

Аймақ жаңалықтары