Kaztrk.kz

Көптен күткен кездесу! Ұлттық арнамен бірге Қанат Исламға жанкүйер болыңыз!

Жм, 02/17/2017 - 20:45

WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы, бірінші орта салмақтағы Қанат Ислам (22-0-0, 18 КО)  мен бразилиялық  Робсон Ассис (16-3-0, 9 КО) жекпе-жекке шығады.

Боксшылардың кездесуі кіші Рой-Джонстың бокс кешінің аясында өтеді деп күтілуде. Бұл әлемге «Қазақ» деген атпен танылған Қанат Исламның кәсіпқой рингтегі 23-ші кездесуі болмақ.

Қанат осыған дейін 22 кездесуінде жеңіске жетіп, оның 18-ін нокаутпен  аяқтаған. Ал, Робсон кәсіпқой рингте 19 кездесуінің 16-ын  жеңіп, 9 жекпе-жегінде қарсыласын мерзімінен бұрын ұтып, үшеуінде жеңіліске  ұшыраған.

Қанат пен Робсонның жекпе-жегін ертең 18 ақпан күні сағат 07:55-те «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарынан тамашалай аласыздар. 

Эфирден көретіндеріңіз

Аймақ жаңалықтары