Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Ауғанстанда жанкешті жарған бомбадан 5 адам қаза тауып, 40 шақты тұрғын жараланды

Ауғанстанда үйлену тойында кәмелетке толмаған жанкешті бомба жарып, кемінде 5 адам қаза тапты. Тағы 40 шақтысы жараланып, ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

Оқиға елдің шығысындағы Нангархар провинциясында болды. Үкіметтік жасақ командирінің үйіндегі думанда жарылғыш затты жасөспірім іске қосқан. Куәгерлердің айтуынша, мерт болғандар саны 10-ға жетеді.

Той иесінің қарулы жасағы үкіметке «Талибан», «ДАИШ» содырларымен күресуге көмектеседі. Болжам бойынша, жарылысқа аталған топтардың қатысы болуы мүмкін. Дегенмен, жауапкершілікті әзірге ешкім өз мойнына алмады.

 

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ