Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Бұрынғы үкімет мүшелері тұтқындалды

Суданда құрылған өтпелі әскери кеңес - бұрынғы үкімет мүшелерін тұтқындап, демонстранттарды таратпауға уәде берді. Бұл туралы мәлімдемені армия өкілдері Хартумда өткен баспасөз маслихатында жасады. Олар оппозицияны келесі премьер-министрді таңдауға шақырды.

Суданда бірнеше айға созылған шерулер әскери төңкеріске ұласып, елді 30 жыл басқарған Омар әл-Башир режимі бейсенбі күні құлатылды. Алайда, халық үйлеріне тарамай отыр. Тұрғындар, билік азаматтық әкімшілікке өткенше шеруді тоқтатпауға бекінген. Қазір демонстрация қорғаныс министрлігінің жанында да жалғасып жатыр.

Әл-Башир қамалғаннан кейін, әскери кеңес басшылығына тағайындалған екі генерал да отставкаға кетті. Олардан соң билікке келген генерал-лейтенант Әбдел Фаттах Бурхани бұрынғы режимді түгел жойып, адам құқығын қорғауға, коменданттық сағатты алып тастауға, саяси тұтқындарды босатуға, коррупциямен күресуге уәде беріп отыр

Арыстан РЫСБЕК