Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Эйфель мұнарасы уақытша жабылады

Париждің басты көрнекті нысандарының бірі - Эйфель мұнарасы сенбіде жұмыс істемейді. Туристік ғимараттың уақытша жабылуына «сары кеудешелердің» тоқтамай жатқан шеруі себепші. Қауіпсіздік мақсатында Эйфель желтоқсанның 8-інде келушілерді қабылдамайды. Ал, ертеңге билет сатып алған адамдардың ақшалары қайтарылады.

Отын бағасының өсуіне қарсы шыққан француздардың шеруі қарашаның 17-нен бері жалғасып жатыр. Наразылық акциясы тәртіпсіздіктерге ұласып, демонстранттар полициямен қақтығысты. Көліктерге, дүкендерге өрт қойылған. Сонымен қатар, шеру барысында 4 адам қаза тауып, жүздегені жараланды. 400-ден астам шеруші қамауға алынған.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Біздің Telegram каналды оқи жүріңіз: