Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Гонконг полициясы шерушілерді тарату үшін күш қолдануды қарастырып жатыр

Гонконг полициясы қала әуежайын басып алған демонстранттарды тарату үшін күш қолдану мәселесін қарастыратынын ескертті. Айта кетсек, демократия мен кеңейтілген автономия талап еткен шерулер авиациялық терминалға да жетіп, жүздеген әуе рейсі доғарылды. Сондықтан қазір мыңдаған жолаушы сапарға аттана алмай отыр.

Гонконгте қылмысты деп танылған адамдарды Қытайға экстрадициялау туралы заңға қарсы манифестациялар 10 апта бұрын басталды. Бірақ кейіннен жергілікті парламент ол құжатты қарауды тоқтатса да, демонстрациялар наразылық акциясын әлі жалғастырып жатыр.

Арыстан РЫСБЕК