Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Гонконгте жаппай шерулер қақтығысқа ұласып жатыр

Полицейлер демонстранттарды тарату үшін көзді жасаурататын қару қолданды. Ал, манифестанттар оларға пластик шөлмек лақтырып қарсылық көрсетті.

Қала орталығына бүгін елдің түкпір-түкпірінен бір миллиондай адам жиналған.

Халық айыпты деп танылған азаматтарды Қытайға экстрадициялау туралы заң жобасына наразылық білдіріп жатыр. Шерулер күшейгендіктен жергілікті Парламент ол құжатты талқылауды кейінге қалдырды. Және де демонстранттар Гонконг басшысының отставкаға кетуін талап етіп жатыр.

Британия, Гонконгті Қытайға 1997 жылы қайтарды. Содан кейінгі елу жыл бойы әкімшілік аудан өзінің әлеуметтік, заңдық, саяси жүйесін сақтауы тиіс еді. Бірақ, оппозицияның сөзінше, Бейжіңдегі Коммунистік партия – бұл ережені өзгертуге күш салып отыр.

Арыстан РЫСБЕК