Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

«Huawei» компаниясының қаржы директоры тұтқындалды

Қытайдың «Huawei» компаниясының негізін қалаған адамның қызын тұтқындаудың ар жағында саясат жоқ. Мұны Канада премьер-министрі Джастин Трюдо мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл операцияға жергілікті үкімет араласқан жоқ. Трюдоның өзге мәлімдемесіне қарағанда, Мэн Ванчжоуға қатысты алғашқы сот тыңдалымы бүгін басталады.

«Huawei»-дың қаржы директоры Ванчжоу Вашингтонның өтініші бойынша желтоқсанның 1-де Канаданың Ванкувер қаласында тұтқындалды. Кейбір мәліметтерге қарағанда, ол Американың Иранға қарсы санкцияларын айналып өтетін халықаралық банктік схеманы тергеу аясында ұсталып отыр.

Бірақ, кейбір сарапшылардың болжамынша, Ванчжоуды қолға түсіру операциясы Батыс пен Қытайдың әлемдік сауда мен технологиядағы үстемдікке ұмтылысымен байланысты болуы мүмкін.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Біздің Telegram каналды оқи жүріңіз: