Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Ресейде саяси тұтқындарды босатуды талап еткен шеру өтті

Наразылық акциясына оппозициялық «Ашық Ресей» қозғалысының жақтастары шықты. Бұл қозғалыстың негізін Кремльдің сыншысы Михаил Ходорковский қалаған.

Демонстрацияға «Ашық Ресейдің» мүшесі Анастасия Шевченконың 17 жастағы қызының ауруханада қайтыс болуы түрткі болды. Қажетсіз шетелдік ұйымдармен ынтымақтасты деген айыппен қаңтардан бері үй қамауында отырған әйелге науқастанып жатқан қызына баруға рұқсат берілмеген. Осыған қарсы «Аналардың ызалы маршы» Мәскеу, Санкт-Петербург және тағы басқа бірнеше қалада өтті. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, акция кезінде 9 адам ұсталған.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.