Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Тәжікстанда түрмедегі бүліктен 27 адам мерт болды

Тәжікстанның Худжанд қаласындағы түрмеде бүлік шығып, кемінде 27 адам мерт болды. Құрбандардың екеуі - қауіпсіздік қызметкерлері. Өзге бір деректерге қарағанда, үш күзетші қаза тапқан. Елдің Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бүлік «ДАИШ» тобының мүшесі бір күзетшіден автоматын тартып алғанда басталған.

Мұнда экстремизм үшін айыпталғандар ғана емес, өзге қылмыс үшін сотталғандар да отыр.

Худжанд ел астанасы Душанбеден солтүстікке қарай 300 шақырым жерде орналасқан. Осы орайда биыл Тәжікстанда Батыс елдерінің туристері өлтірілгенін, оларға жасалған шабуылды «ДАИШ» ұйымы өз мойнына алғанын айта кету керек.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.