Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Президент осы аптада Қостанай және Ақтөбе облысының жұртшылығымен кездесті

Мемлекет басшысының бұл аптадағы алғашқы жұмыс күні де аймақтарға жасаған жұмыс сапарларымен жалғасты. Президент борты алдымен масағы майысқан, егіні ерекше Қостанайға барып қонды. Бұл - қазақ астығының төрттен бірін беретін жомарт өңір. Соңғы жылдары аймақтың ауыл шаруашылығы ғана емес өңдеуші өнеркәсібі де мықты дамып келеді. Көлік құрастыруда көш бастап тұр.

Мемлекет басшысы өңдеуші-өндіруші сектордың шамасын бағамдау үшін кәсіпорындардың бірнешеуіне бас сұқты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары мыңға тарта волонтердың басын қосқан халықаралық Еріктілер форумымен тұспа-тұс келді.

Теріскейден кейін Президент бірден батысқа ұшып барды. Жер көлемі жағынан елде екінші орын саналатын Ақтөбенің ахуалын екшеді. Бұл да - ірі индустриалды өңір. Болашақта облыс орталығы миллион тұрғыны бар алып шаһарға айналамыз деп отыр. Мемлекет басшысы аймақтың осы мақсатқа жетудегі қадамын пысықтау үшін өңірдегі бірқатар әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарды аралады. Аймақ дамуына серпін беретін сегіз міндетті атап берді. Еріктілер форумымен басталып, Ақтөбенің жылыжайында жалғасқан Президенттің екі күндік сапарын рет-ретімен Шынар Асанқызы баяндайды.