Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Сайлау-2019. Елімізде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қалай жүріп жатыр?

Президенттікке кандидаттар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын осы аптада да қарқынды жалғастырды. Жеті кандидаттың сайлауалды бағдарламасы жер-жердегі жұртшылыққа түсіндіріліп жатыр.

Үміткерлер тұрғындардың арыз-шағым, өтініш-тілектерін тыңдап, көпшіліктің көңілін табуға тырысып бағуда. Бірі экономиканы көтерем десе, бірі кәсіпкерлерге жағдай жасаймын деді. Ресми қалпын бұзып, велосипедке отырып, салауатты өмір салтын насихаттаған кандидаттар да бар. Кандидаттардың апта бойғы әрекетін біз де шолып шықтық.