Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Сайлау-2019. Кандидаттардың теледебаты 29 мамырда өтеді

Алдағы сәрсенбіде, яғни мамырдың 29-да Президенттікке кандидаттардың теледебаты өтеді. Орталық сайлау комиссиясы өкілдерінің айтуынша, телевизиялық жоба тікелей эфирде жүруі мүмкін.

Сайлау алдындағы пікірсайыстарды жүргізу тәртібін көздейтін регламент әзірленген. Тележобаның өту уақыты 80 минуттан кем болмайды. Мамандардың айтуынша, бұл жай дебат емес, кеңейтілген форматтағы дебат-дискуссия. Яғни, үміткерлер кең көлемде әңгімелеседі.

Телепікірталас 3 раундқа бөлінген. Әуелі әрбір қатысушы партияның сайлауалды бағдарламасын таныстыру мақсатында сөз сөйлейді. Кейін бір-біріне сұрақ қойып, оның жауабын алады. Әр қатысушы болашақта Қазақстанды қалай елестететіні туралы әңгімелелеп береді. Саяси науқанның телевизиялық жобасына 41 млн теңге бөлінген.