Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Тұрғындар шахта үстінде орналасқан апатты ауылдардан көшуге асығар емес

Қарағанды облысының Сәтбаев қаласы маңында осындай апатты жағдайдағы 5 елді мекен бар. Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары аясында жүзеге асырылуда. Ал, келешекте бұл ауылдар түгел сүріліп, орнынан мыс кенін ашық түрде өндіру қолға алынбақ. Биыл көші-қон жобасы аяқталуы тиіс. Алайда, баспана орнына берілетін өтемақыға көңілі толмайтын жұрттың жылы орнын суытқысы келмейді. Бұл мәселені назарға алған Мемлекет басшысы істі жеделдетуді тапсырған болатын.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.