Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек

«Қазақстандық әр отбасы жүргізіліп жатқан реформалардың тиімділігін болашақта емес, дәл бүгін сезінуі тиіс». Осылай деген Елбасы ақпан айында «Nur Otan» партиясының съезінде көпбалалы және табысы төмен отбасыларға берілетін жәрдемақының көлемін 21 мың теңгеге дейін жеткізуді тапсырғаны есте.

Кедейшілік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% төмен отбасыларға 20 789 теңге берілетін болды. Сөйтіп, 1 сәуірден бастап елімізде атаулы әлеуметтік көмектің жаңа түрі тағайындалды. Бүгінге дейін АӘК 197 мың отбасы яғни, 1 млн 86 мың адамға тағайындалып, 14 мың отбасының өтініші кейін қайтарылған.

Негізі, 21 мың теңге беріледі дегелі қоғамда түсінбеушілік, жанталас, у-шу көбейді. Мұқтаждықты масылдықпен шатастырып алғандар да табылды. Жаңартылған форматтағы жәрдемақы жүйесі тек енді бір ізге түскендей. Тетіктері пысықталып, табысты есептеу жолдары өзгерді. Армангүл Тоқтамұрат тоқталады.