Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Атырау облысына қарасты  Ганюшкин ауылының халқы 17 мыңға жетті

Бүгінде Атырау облысына қарасты Ганюшкин ауылының келбеті  өзгерген. Инфрақұрылымы жаңғырып, кәсіпкерлік нысандары көбейген. Тиісінше, жыл басынан бері жергілікті бюджетке 809 млн теңге кіріс түсіп, былтырғыға қарағанда 152 млн теңгеге артық орындалған.

Тәуелсіздіктің ақ таңы атқалы Ганюшкинде әлеуметтік нысандар мен кәсіпкерлік обьектілер көптеп салынуда. Жаңа балабақша, мәдениет үйі, спорт кешені қолданысқа берілді. Келер жылы 1 пәтерлік 10 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталып, ел игілігіне беріледі деп жоспарлануда.

Айдос ҚАРАБАЛА

Біздің Telegram каналды оқи жүріңіз: