Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Назарбаев Университетінің ғалымдары шетелдік әріптестерімен бейорганикалық заттарды халық игілігіне жұмсау жолындағы зерттеулерімен бөлісті

Жалпы, наноматериалдар мен озық энергия тақырыбындағы мұндай басқосулар дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Бұл жолы отандық оқымыстылар фосфатты кәдеге жаратуға баса назар аударып отыр. «Яғни, металды қазбаға құрылымдық талдау жасау арқылы энергетикаға арналған инновациялық жобаларды жүзеге асырсақ», - дейді. Бұған дейін олар аккумулятор жасап шығаруға үлес қосқан еді. Сол сияқты баяндамада айтылған тың ойлар арнайы журналға басылып шығады. Ал, ғалымдар идеясын өнеркәсіп саласындағы мамандар мен инвесторлар қуаттап, қолдау танытса құба-құп.  

Сунг-Соо Ким, Чунгнам Ұлттық университетінің профессоры:

- Оңтүстік Корея аккумулятор өндірісінде жетекші ел екені көпшілікке мәлім. Осы себепті, біз бірлесе аккумулятор шығаруға қажет басқа да минералдық заттарды зерттеу үстіндеміз. Мәселен, натрий. Кореяда оқуын бітіріп келген студенттер сол тақырыпты әлі қаузап жүр. Сөйтіп тығыз қарым-қатынастамыз. Екі ел арасында ғылыми жаңалықтар ашу жолында ізденістеміз деуге болады.    

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.