Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Түлектер кеші мектепте өтуі тиіс

Білім саласындағы өзгерістер, оның ішінде қазіргі сюжетте айтылған сала қызметкерлері жалақысының көтерілуі жайында бүгінгі «Басты тақырыпта» Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова толығырақ айтып береді. Ал қазір біздің тілшілеріміз өткен аптада көтерген мектеп бітірушілер түлектердің кеші тақырыбына оралсақ.

Министр Күләш Шәмшидинова түлектер кешіне орай артық ақша шашып, аста-төк отырыс жасаудың орынсыз екенін алға тартты. Өйткені, соңғы кездері әр мектеп, ата-аналар түлектер кешін өткізуді кәдімгідей бәсекеге айналдырған.

Министрдің ұстанымы бойынша, түлектер кеші бұрынғыдай мектеп аумағында өткізіліп, жанға жайлы яғни, ата-аналар мен мұғалімдердің салиқалы отырысы болуы қажет. Сонда нағыз мектеппен қоштасу кеші болмақ. Бұл жерде ең бастысы - балалардың қауіпсіздігі. Ата-аналар соны ескеруі тиіс,-деді министр. 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ