Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Латвиялықтар Атырау облысында цифрландыру бағытындағы жаңа жобаларды жүзеге асырмақ

Атырау облысында латвиялықтар «жасыл» технология мен цифрландыру бағытында жаңа жобаларды жүзеге асырмақ. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен өткен іскерлік кездесуде белгілі болды. Бүгінде Латвиядан елімізге фармацевтикалық , химия өнеркәсібінің өнімдері мен препараттары, контейнерлер тасымалданады. Ал, Атырау облысынан Латвияға химиялық шикізаттар экспортталады. Латыштар атыраулық кәсіпкерлермен тығыз байланыс орнатуға ниетті. Бұл бағытта арнайы жоспарларын да дайындаған. Кедендік статистикаға сәйкес, 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында Атырау облысының Латвия Республикасымен тауар айналымы 58 млн. 96 мың АҚШ долларын құрады. 

Юрийс Погребнякс, Латвия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі:

- Біздің сіздерден де үйренеріміз көп. Атап айтқанда, Атырауда мұнай-газ саласы қарқынды дамыған. Келешекте аймақта цифрландыру мен «жасыл» технологияны дамытуға үлес қосып, жергілікті кәсіпкерлермен тығыз қарым-қатынас орнатқымыз келеді.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Біздің Telegram каналды оқи жүріңіз: