Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

476 күн бойы ес-түссіз жатқан сәбиге дәл қазір операция жасалып жатыр

2 жастағы Кәрім емдік массаждан соң осындай күйге түсіп қалған. Бір жарым жыл бойы төсекке таңылған сәбиді Павлодардан Елордаға санавиациямен жеткізіп, бүгін ұлттық нейрохирургия орталығында күрделі операция жасалып жатыр.

Дәл қазір менің әріптесім Әсима операция залында жүр. Күрделі ота қалай өтіп жатқанын сұрап-білейік. Әсима, сөз өзіңде.

Әсима Нұрбайқызы, тілші:

- Операция сәбидің мойын омыртқасына жасалып жатыр. Бұл өте күрделі ота болып саналады. Бұрын-соңды әлемде мұндай жағдай болмаған. Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері үшін де сынақ сәті.

Естеріңізге сала кетейін, Павлодарлық сәбиге 6 айлық кезінде массаж жасап жатқан адам мойын омыртқасын зақымдап алған. Осыдан кейін сәбидің жағдайы күрт нашарлап, кейін тіпті өкпесі қабынып, ауа жетпеген.

Әсима Нұрбайқызы, тілші:

- Павлодарлық дәрігерлер 476 күн жан сақтау бөлімінде жатқан нәрестенің өмірі үшін қолдан келгенді жасады. Алайда, облыстық орталықта мұндай операцияны жасау мүмкін емес. Сол себептен, жақында сәби санавияциямен Елордаға жеткізілді. Біз операция аяқталғанға дейін осында боламыз. Кешкі жаңалықтарда өздеріңізге жақсы жаңалық жеткіземіз деген үміттеміз.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ