Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Дәрі-дәрмектің бағасы өзгереді

Дәрінің өзіндік құны неғұрлым арзан болса, оған қосылатын үстемесі жоғары болып, 68 пайызға дейін жетуі мүмкін. Ал, препарат қымбат болса, үстемесі, керісінше, аз болмақ. Ең көбі - 3 пайыз. Мәселен, көтерме саудада 350 теңгенің дәрісі дәріханаларда әлдеқайда қымбатырақ сатылады. Ал, өзіндік құны жоғары 200 мың теңгенің препаратына қосылатын үстеме аз болады. Мұндай өзгерістер қымбат дәрі-дәрмектер қолжетімді болуы және барлық дәріханалардағы баға саясатын Денсаулық сақтау министрлігі реттеп отыруы үшін енгізіліп жатыр. Жаңа заңға Елбасы желтоқсанның 28-і қол қойған еді. Ал, күшіне ол 3 айдан соң, яғни, наурыздың соңында енеді. Оған сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігі қазір тиісті әдістемелерді әзірлеп жатыр. Ал, науқастарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін ел бойынша медициналық ұйымдарға 203,5 млрд. теңге бөлініп отыр. Биыл тегін препараттардың тізімі кеңейіп, жаңа дәрі-дәрмек қосылыпты. 

Берік Шәріп, «Ск-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасының міндетін атқарушы:

- Бұйрық бойынша науқастар дәрінің 421 түрімен тегін қамтамасыз етіледі. Туберкулезге қатысты үш жаңадан даярланған оригиналдық препарат қосылды. Сондай-ақ, антивирустік терапия бойынша қосымша жаңа компонетті дәрі-дәрмек қосылды. 

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Біздің Telegram каналды оқи жүріңіз: