Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Онкологиялық ауруларға шалдыққан адамдарға зейнетақы жинақтарын бірреттік төлеу мәселесін қайта  қарау керек

Осылай деген Мәжіліс депутаттары Премьер-министрдің бірінші орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың атына сауал жолдады. Өйткені, қазіргі қолданыстағы зейнетақы жинақтарын алу тәртібіне сәйкес, адам қайтыс болғаннан кейін ғана зейнетақы жинақтарын оның отбасы немесе жақындары алады.

Ерсұлтан Бектұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Өзінің өмір бойы қорға аударып отырған жинақтарын алудағы осындай кедергілерге байланысты, ауру адамның қосымша сапалы ем алу мүмкіндігі шектеледі. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, онкологиялық ауруларға шалдыққан адамдарға мүгедектігінің санатына қарамастан, зейнетақы жинақтарын бірреттік төлеу мәселесін қайта қарауды ұсынамыз.

Индира БЕГАЙДАР