Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Шетелдік дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың сапасы жіті тексеріледі

Дәрілер үш саты бойынша бақылаудан өтеді. Бастапқы және мамандандырылған сараптама соңынан зертханалық сынақ жасалады.

Өткен жылы Ұлттық орталық 6,5 мыңнан астам дәрілік зат пен медициналық бұйымдарға сараптама жасаған. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 18 пайызға көп. Дегенмен, кейбір дәрілердің жанама әсер бергені туралы 3 мыңнан астам хабарлама түскен. Аталған заттар зертханада тексеріліп, олардан кері әсері бары анықталғаннан кейін, ол медициналық препараттар толығымен тәркіленді. 2018 жылы ұлттық орталық дәрі-дәрмектерге сараптама жүргізетін пилоттық жобаны қолға алды. Бұл қадам сараптама жүргізу уақытын едәуір қысқартпақ.

Қанат Ержанов, ҚР ДСМ ДЗҰСО бас директорының міндетін атқарушы:

- Дәрілік препараттарды Қазақстандағы дәріханардың сөресіне түсінуіне дейін біздің орталық кешенді сараптамадан өткізеді. Қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын,талаптарға сәйкестілігін бағалайды.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.