Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

2018 жылы Қазақстанның сыртқы қарызы қанша болды?

Қаржы министрлігінің беделі артқан сайын еңбегі де қажырлана түседі деп сенейік. Ал, осы брифинг барысында Әлихан Смайылов еліміздің сыртқы борышы қанша екенін де жариялады.

Оның айтуынша, 2018 жылдың қазанындағы жағдайға сәйкес Қазақстанның қарызы 14,5 трлн теңгені немесе ЖІӨ-ң 24,8 пайызын құрап отыр. Оның 11 трлн теңгесі, яғни 76 пайызы үкіметтік қарыз екен. Халықаралық рейтинг агенттіктерінің ұсыныстарына сәйкес еліміз 15 пайыздық лимиттен аспай отыр. Қазақстанның борыштық жүктемесі – 12,2 пайыз екен. Қаржы министрі еліміз орта мерзімді кезеңде өзінің борыштық міндеттемелерін орындай алады деп сендірді.

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.