Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Қазақстан мен Испания арасындағы тауар айналымы 2 млрд еуродан асты

Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 30 пайызға көп. Қазақстанның Испаниядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Константин Жигалов екі ел арасындағы экономикалық байланыстың күшейіп келе жатқанын айтты.

Дипломаттар Қазақстанға еуропалық инвестиция тарту бағытында белсенді жұмыс атқаруда. Қазіргі таңда біздің нарықта 42 испандық компания жұмыс істеуде. Олардың арасында Talgo, Airbus сынды ірі кәсіпорындар да бар. Қазақстан нарығына кіруге қызығушылық білдіріп жатқан өзге де компаниялар да баршылық.

Константин Жигалов, ҚР Испания және Андоррадағы Төтенше және Өкілетті елшісі:

- Биыл Қазақстан мен Испания арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімге 10 жыл толады. Сондай-ақ, бизнес қарым-қатынасты дамытуға бағытталған үкіметаралық іскерлік кеңес те табысты жұмыс істеуде.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ