Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9 пайызға дейін төмендетті

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев айтты. Ведомство басшысының сөзінше, елдегі инфляция жағдайы тұрақты. Теңге нығайып келеді. Себебі сыртқы секторда оң өзгерістер бар. Жалпы, қаржылық реттеуші базалық мөлшерлемені жиі төмендетеді. Мұны олар қаржы-несие саясатымен байланыстырады.

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

- Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша біз халық кірісінің өсуін ынталандыру аясында инфляция деңгейін ағымдағы мәндеріне қатысты 4-6 пайыз нысаналы бағдарламаларға сәйкес келетін 5-5,3 пайызға дейін біршама жоғарылауын күтеміз. Біздің бағамыз бюжджеттік әлеуметтік шығысының өсуі ағымдағы жылдың инфляцияның қосымша өсуіне 0,2-0,3 пайызды құрайтынын көрсетіп отыр.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ