Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

XII Астана экономикалық форумы аясында елімізге 3 млрд теңгеден астам пайда түседі

Бұл - тек экономикалық салаларға ғана есептелген болжам. Қалған салаларды қосқанда триллиондаған қаржы Қазақстанның дамуына арналмақ.

Бұл туралы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ мамандары мәлімдеді. Экономистердің айтуынша, биылғы форум өзінің мазмұндылығымен, нақты ұсынымдар мен тетіктердің көптігімен ерекшеленеді.

Қазақстан жағдайына нақты бейімделген ұсыныстар бір журналға енгізіліпті. «Қазақстан және жаһандық әлем: сын-қатерлері мен мүмкіндіктері» атты арнайы шолу XII Астана экономикалық форумының негізгі тақырыптық бағыттарын ашуға мүмкіндік береді.

Айбол Арғынғазинов, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ орталық директоры:

- Қазіргі кезде 150-ден астам жобаға инвестициялық, басқа да келісімдерге қол қоятынын білеміз. Әртүрлі жобалардың құпиялығына байланысты оның нақты сомасын айта алмаймыз. Яғни, бірнеше млрд-таған тіптен триллиондаған көлемде елімізге үлкен инвестициялар келеді. Ол біздің экономиканың салаларын дамытады. Өңірлерімізді де дамытады.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ