Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Астанада латын әліпбиіне негізделген IT жобалардың тұсауы кесілді

«Жаһандық кезеңдегі қазақ тілі». Бүгін Астанада IT жобалардың тұсауы кесілді. Заманауи инновациялық технологиялар латын негізді қазақ әліпбиін тез әрі тиімді меңгеруге бағытталмақ.

Бүгінгі таныстырылымда осы бағыттағы веб-порталдар мен платформалар, мобильді қосымшалар, іздестіру жүйелері, сондай-ақ, анимациялық фильмдер, энциклопедиялық, танымдық, әдістемелік және анықтамалық веб-сервистер көрсетілді. Мәселен, «Qazlatyn.kz» ұлттық порталы пайдаланушыларға латын графикасына көшу кезеңдері жөнінде барлық мәліметтерді ұсынады. Ал, ғаламтор кеңістігіне қосылған «Sozdikqor.kz» іздеу жүйесіне қазақ тіліндегі 300 мыңнан астам сөздердің сипаттамасы енгізілген.

Рымбек Ізғали, «Sozdikqor.kz» іздеу жүйесін әзірлеуші:

- Бұл сөздік қор әлі де толтырыла беретін болады. Бұл порталдың мобильдік қосымшасы бар. Жыл соңына дейін сөздердің аудармасы берілетін болады.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Біздің Telegram каналды оқи жүріңіз: