Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Елбасының төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару кеңесінің отырысы өтті

Бүгін Ақордада Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару бойынша кеңестің отырысы өтті. Оған Премьер-Министр мен Президент Әкімшілігінің басшысы және қор басшылығы қатысты.

Жиында «Самұрық-Қазынаның» былтыр басталған он жылдық даму стратегиясының алғашқы нәтижелері мен қорды трансформациялау жұмысының барысы туралы ақпарат тыңдалды. Қор басшысы Ахметжан Есімов ҮИИД мен «Нұрлы жол» бағдарламаларының іске асу барысы туралы баяндады.

Елбасы қордың бұл саладағы жұмыстарына оң баға берді. Сондай-ақ, компаниялардағы мемлекеттік сатып алу шығындарының бес есе азайғанын айтып, тиісті тапсырмалар негізінде мемлекеттік органдарға да бұл тәжірибені енгізуге болатынын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазынаның» бас кеңсесі орналасқан ғимаратты да аралап көрді. Мұнда қорға қарасты компаниялар тобы орналасқан.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ