Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Бүгін ҚР Президентін ұлықтау рәсімі өтеді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтеді. Орталық сайлау комиссиясының қорытындысына сәйкес, 9-маусымдағы кезектен тыс Президенттік сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 70,96 пайыз дауысын алып, жеңіске жеткен болатын. Осыған байланысты, Орталық сайлау комиссиясы Президенттің ант беру күнін 12-маусымға белгілеу туралы арнайы қаулы қабылдады.

Ұлықтау рәсімі барысында, Орталық сайлау комиссиясы жаңа сайланған Президентке Қазақстан Республикасы Президентінің куәлігін тапсырады. Сонымен қатар, Президент Қазақстан халқына ант береді. Бүгінгі инаугурация – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алтыншы ұлықтау рәсімі.