Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Елбасы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

Жалақысын ала алмай жүргендерге былтыр 2,4 млрд, ал биылғы екі айдың өзінде 470 млн. теңге көлемінде берешек қайтарылды. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болған Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов еңбек дауы бойынша азаматтардың құқығы қалай қорғалып жатқаны жөнінде есеп берді.

Сондай-ақ, еліміздегі қылмыстық саясатты ізгілендіру мен қоғамдық тәртіптің сақталуы жайы сөз болды. Бас прокурордың айтуынша, қылмысқа баратындардың дені, нақтырақ айтсақ, 80 пайызы жұмыссыздар екен. Дегенмен, өткен жылдармен салыстырғанда адам өлтіру, тонау, бұзақылық жасайтындар саны біршама азайған көрінеді. 

Ғизат Нұрдәулетов, ҚР Бас прокуроры:

Қамауға алынғандар 42 пайызға азайды. Осының нәтижесінде Қазақстан түрмедегі халық саны бойынша дүниежүзілік рейтингте бір жылдың өзінде 12 сатыға жоғары көтерілді. Қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Әрдайым бақылауда ұстап отырмыз. Үкіметпен бірлесіп, азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жұмыс жүріп жатыр. 

Альбина ӘШІМ