Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары басталды. Президент облыс жұртшылығымен кездесіп, бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысанды аралады.

Дулат Абибуллаев, тілші:

Қасым-Жомарт Тоқаев барлық саладағы жұмыстармен танысып, жағдайды көзбен көрді. Облыс әлеуметтік салаға жан басына шаққанда ең көп бюджет қаржы бөлетін өңірлердің қатарында. Сондықтан Мемлекет басшысы «100 мектеп, 100 аурухана» жобасы аясында салынған облыс орталығындағы көпбейінді балалар ауруханасында болып, мекеменің жұмысымен танысты, медицина мамандарымен кездесті.

Президент, сондай-ақ, Сырдың басты бренді - күріш шаруашылығының бүгінгі ахуалымен де танысты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Сырдарияның сол жағалауының құрылыс жұмысымен де танысты. Екі жыл бұрын басталған қалашықта бірнеше нысан пайдалануға берілген. Президент сол жағалаудың бас жоспарымен танысып, бірнеше нысанды аралап көрді. Атап айтсақ, өткен аптада пайдалануға берілген Жастар орталығында болып, жастармен кездесті. Олардың өтініші бойынша естелік фотоға түсіп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Нысандарды аралап болған соң Мемлекет басшысы облыс жұртшылығымен кездесті. Онда облыстың даму қарқыны туралы ақпарат тыңдалып, облыстың болашақтағы 8 басым бағытын айқындап берді.

Президент мұнай-ғаз саласын әртараптандыруды тапсырды. Ол үшін облыстың жаңа экономикалық моделін жасақтауды жүктеді. Сондай-ақ, мұнай-газ стратегиясын жасауды тапсырды. Бұдан бөлек, экология мен шағын бизнес, Байқоңыр ғарыш айлағының әлеуетін кеңірек пайдалану керектігін айтты.