Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Нұрсұлтан Назарбаев ҰҚШҰ қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты

Бүгін Астанада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы өтті. Маңызды жиынға Қазақстаннан бөлек, Ресей, Қырғызстан, Беларусь пен Тәжікстан президенттері және Армения елінің премьер-министрі міндетін атқарушы Никол Пашинян қатысты. Алдымен шағын, одан кейін кеңейтілген құрамда кездескен тараптар ұйымның әскери әлеуетін нығайту, заңсыз көші-қонды реттеу мәселесін талқылап, 2025 жылға дейінгі жұмыс жоспарын түзді. Сондай-ақ, мемлекет басшылары халықаралық және аймақтық қауіпсіздік жайы мен өзара ықпалдастықты тереңдету мәселесін де ұмыт қалдырмады. Жиын қорытындысы бойынша Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы қабылданды. Осымен Қазақстанның халықаралық ұйымға төрағалығы аяқталып, бұл маңызды міндет Қырғыз еліне жүктелетін болды. Қырғызстан президенті Сооранбай Жиенбеков төраға ел ретінде келер жылы атқарылатын шаралардың іс-жоспарымен таныстырды. Жиын соңында Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы бас хатшысының міндетін атқарушы Валерий Семериков журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сессия барысында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы хатшылығының ақпараты тыңдалады. 2018 жылғы Қазақстан төрағалығының қорытындысы жасалады. Сондай-ақ, қатысушы елдердің ұжымдық қауіпсіздік мәселелері талқыланады. Сонымен қатар, Қырғыз тарапы өзінің Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына төрағалығының басым бағыттарын таныстырады. Себебі, төрағалық осы елге өтеді. Бүгін ұйым аясындағы кең көлемді бағыттағы жұмыстар туралы ақпарат тыңдайтын боламыз.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.