Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

«Орта Азия» халықаралық орталығы құрылатын болды

Қазақстан мен Өзбекстанның экономикалық әлеуетін арттыру бағытында «Орта Азия» халықаралық орталығы құрылатын болды. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстан республикасына мемлекеттік сапары аясында, аталған құжатқа қол қойылды.

Жобаның жол картасы жасалып, тараптар нақты жоспар бекітті. Мұндай тәжірибе бізде Қытай елімен бар. Қорғас бекетіндегі сауда-саттық орталығы халық игілігіне жұмыс істеп тұр. Ал, қазір Ташкентте қос елдің президенттерінің кездесуі өтіп жатыр. Көксарайдан Дулат Жексенбайұлы әңгімелейді.

Дулат Жексенбайұлы, тілші:

Ташкенттегі «Көксарай» резиденциясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеев кездесулерінің ресми рәсімі өтті. Дәстүр бойынша қос елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалып, құрмет көрсетілді.

Кездесудің ресми бөлігінен кейін екі елдің басшылары шағын құрамда кездесу өткізді. Әңгімелесу барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-өзбек қарым-қатынастарының одан әрі даму мәселесі талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Құрметті президент! Сізге көп рахмет айтамын. Қабылдауыңызға. Көп мәселені талқылаймыз. 

Шавкат Мирзиеев, Өзбекстан  Республикасының Президенті:

Қазақстан біздің досымыз. Стратегиялық әріптесіміз. Соңғы жылдары екі ел арасындағы байланыс артып келеді. Бұл ең алдымен Қазақстанның Тұңғыш Президенті - елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің еңбегі. Сіздің де екі елдің достығын бекемдеуге қосқан үлесіңіз зор. Сол үшін сізге  алғыс айтамын. Бізде шешілмеген мәселе жоқ. Келіссіздер жемісті өтеріне сенемін.

Одан кейін Қазақстан мен Өзбекстанның ресми делегацияларының кеңейтілген құрамдағы келіссөздері жүргізілді. Келіссөздер барысында инвестиция, ауыл шаруашылығы, транзиттік-көлік әлеуетін тиімді пайдалану салаларындағы Қазақстан мен Өзбекстанның ынтымақтастығын тереңдету мәселелері қаралды. 

2018 жылғы көрсеткіштерге үңілсек, сауда саттық 2,5 млрд долларға жеткен. Яғни, өсім көрсеткіші 25,3 пайызға артты. Екі елдің арасында ауылшаруашылығы саласы басымдыққа ие. Өзбекстан бізден бидай алса, Қазақстан жеміс-жидек экспорттайды. Дәл қазір президенттердің қатысуымен құжаттарға қол қою рәсімі өтіп жатыр. 9 құжат бойынша келсім жасалады. Менде әзірге осы. Жаңалықтарымыздың келесі шығарылымынан ақпарат күтіңіздер.

Дулат ЖЕКСЕНБАЙҰЛЫ