Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Президент Н.Назарбаев ЕАЭО кеңесінің отырысына қатысу үшін Санкт-Петербургқа барды

Қытай Халық Республикасы мен Иран Ислам елі Еуразиялық Экономикалық Одақпен еркін сауда айналымына шығуы мүмкін. Сөз жүзінде ұйымға мүше мемлекеттер келсімдерін берді. Енді әр елдің парламенттері құжатты мақұлдауы тиіс. Бүгін Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Еуразиялық Экономикалық Одақтың жоғары кеңесі өтіп жатыр. Жиынға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда.

Дулат Жексенбайұлы, тілші:

Бұл күндері Санкт-Петербург қаласы саяси алаңға айналды. Одаққа мүше елдердің мемлекет басшылары Еуразиялық Экономикалық Одақтың жоғары кеңесіне келді. Дәл қазір кеңейтілген құрамда кездесу өтіп жатыр.

Еңбек нарығына қатысты ортақ база жасалатын болады. Яғни, мүше елдердің тұрғындары бос орындарды енді интернет арқылы іздейді. Бұл ұсынысты Нұрсұлтан Назарбаев осыған дейінгі жиындарда ұсынған болатын.

 Серік Жұманғарин, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:

- Біздің елде еңбек деген жоба бар. Бұл өте тиімді болмақ. Одақтың ішінде кез келген адам жұмыс таба алады.

Сонымен қатар, одақ елдері арасында көгілдір газ бен мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыру қаралып жатыр. Қытай мен Иран елі Еуразиялық Одақпен еркін саудаға айналымына шығуға қызығушылық танытып отырғанын айта кету керек.

Дулат ЖЕКСЕНБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Біздің Telegram каналды оқи жүріңіз: