Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Президент Петропавлда бірқатар нысанды аралады

Солтүстік Қазақстан облысының ауылшаруашылық саласын жаңа деңгейге көтеру қажет. Ол үшін майлы дақылдарды өңдейтін өндіріс орындарын ашып, өнімділік көлемін еселеу қажет. Аймақаралық форумға дейін Президент қаладағы нысандарды аралап көрді. Алдымен ол Киров атындағы зауытқа ат басын бұрды. Мұнда технологиялық жобаларды жүзеге асыратын арнайы бағдарлама жұмыс істейді. Цифрлы спутниктік және эфирлік телерадиохабарларын таратуға арналған жабдықтардың толық топтамасының өндірісін жүйелі түрде жолға қойған бірегей кәсіпорын десе де болады. Цехтар жаңа қондырғылармен жабдықталып, темір жол, мұнай-газ кешендері мен радиоэлектронды аппарат, сандық теледидарға арналған техникалық құралдардың озық түрлерін шығарады.

Елбасы қала активімен кездесіп, тұрғындармен тілдесті. Жолдауда айтылған басымдықтарға тоқталып, қызылжарлық ағайынның ақжарма тілегін тыңдады.

 

Дулат НУРКИН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.