Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбедегі бірқатар кешенді аралады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерге жұмыс сапары жалғасуда. Қостанай облысынан кейін Президент бірден елордаға емес, Ақтөбе қаласына ұшып барды.

Ақтөбе – ірі индустриалды өңір. Жер көлемі жағынан елде екінші орында. Болашақта облыс орталығы миллион тұрғыны бар алып шаһарға айналмақ. Мемлекет басшысы аймақтың осы мақсатқа жетудегі қадамын пысықтау үшін өңірдегі бірқатар әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарды аралады. Бүгінде аймақтың азық-түлік өндіру әлеуеті жоғары. Президент барған алғашқы нысан - 5 гектар жерді алып жатқан жылыжай. Жылына 3 мың тонна көкөніс шығарады. Жылыжайдың қияр, қызанақтарына тек өңірден емес, көрші Ресейден де сұраныс жоғары.

Тек қызанақ емес, Ақтөбенің хромы да әлем елдеріне экспортталатынын білеміз. Оның қоры 400 миллион тоннадан асады.

Өңірде әлемдік атағы бар кәсіпорындар жұмыс істейді. Сол зауыттар қазір қауіпсіздікті сақтаудың жаңа үлгісіне көшіпті. «Халық бақылауы» жобасының аясында енді мүмкіндігі шектеулі жандар үйінде отырып-ақ, камера арқылы зауыттағы қауіпсіздік ережесін бақылап отырады. Президентке бүгін «Халық бақылауы» жобасы таныстырылды.

Шынар АСАНҚЫЗЫ