Сіздің сұрауыңыз бойынша ештеңе табылмады

Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның премьер-министрін қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның премьер-министрін қабылдады. Мемлекет басшысы Мамука Бахтадзені Грузияның тәуелсіздігі күнімен құттықтап, достас грузин халқына жақсылық пен бақ-береке тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықтың бастауында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұрғанын атап өтіп, дипломатиялық қатынастарды орнатқаннан бастап, оны дамытуға өзі тікелей атсалысқанын айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Грузия экономикасындағы негізгі инвесторлардың бірі екенін атап өтті. Бүгінге дейінгі салынған инвестицияның жалпы көлемі 450 миллион доллардан асқан. Кездесу барысында сауда-экономикалық, гуманитарлық, туризм және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалары қарастырылды.

Сондай-ақ, тараптар көлік-транзиттік, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдары аясында Ақтау және Құрық порттары арқылы қатынастарды жандандыру мүмкіндіктерін талқылады.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ